Түркістан
EN

Telegram арқылы 100 млн теңгеге есірткі сатқандар сотталды

65
25.08.2025

Қостанайда әлеуметтік желі арқылы есірткі саудалағандар сотталды. Telegram мессенджерінде наркошоп ашқан қылмыстық топтың айналымы 100 миллион теңгеден асқаны анықталды. Бұл виртуалды дүкенде 2 мыңнан астам тұтынушыға есірткі сатылған. Қылмыстық топ, есірткі саудасынан түскен қаражатты дропперлердің көмегімен қолма-қол ақшаға айналдырып отырған. Тінту кезінде 30 келіден астам марихуана мен гашиш тәркіленген. Сот кінәлілерді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Қылмыстық жолмен алынған екі автокөлік мемлекет меншігіне қайтарылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.