Түркістан
EN

Сауран ауданын дамыту жолдары қаралды

51
25.08.2025

Сауран ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң қарқын көрсетіп отыр. Биылғы 7 айдың өзінде өңірде 18 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Туризм саласына 3,8 млрд теңге инвестиция тартылып, 65 мыңнан аса турист қабылданған. Өңірге жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Нұралхан Көшеров аудан активімен кездесіп, негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстарды саралады. Сондай-ақ кәсіпорындар мен әлеуметтік нысандардың құрылысын бақылап, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.