Түркістан облысындағы Ақсукент ауылында ірі қоймадан өрт шықты. Төтенше жағдайлар қызметіне хабарлама кеше кешкі сағат 18:54-те түскен. Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде қойма алаңын шарпыған өрт қарқын алып, шатырдың бір бөлігі құлаған. Мың шаршы метр аумаққа таралған өртті сөндіру қиынға соққан. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылып, 55-тен астам маман мен 19 техника жұмылдырылды. Сәтін салғанда, зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелген жоқ. Өрттің шығу себебі арнайы тексеруден кейін анықталатын болады.