Түркістан облысында кеден бекеттерінің жұмысын жетілдіру мәселелері талқыланды. Өңір басшысы Нұралхан Көшеров төрағалық еткен жиында инфрақұрылымды жаңғырту, өткізу қабілетін арттыру және шекарадан өтетін азаматтарға қолайлы жағдай жасауға қатысты нақты қадамдар қаралды. Әсіресе Өзбекстан Республикасымен шекарадағы кеден бекеттерінің жай-күйі күн тәртібіне қойылды. Бүгінде облыс аумағында «Қазығұрт», «Жібек жолы», «Қапланбек», «Б.Қонысбаев», «Атамекен», «Сырдария» және «Нұрлы жол» кеден бекеттері жұмыс істейді. Әкімдік жол қатынасын жақсарту, қауіпсіздікті күшейту және тиімділікті арттыру бағытында жауапты органдармен бірлесе жұмыс жүргізіп жатыр. Нұралхан Көшеров сала жетекшілеріне инфрақұрылымдық мәселелерді шешіп, қызмет көрсету сапасын жаңа деңгейге көтеру бойынша тапсырмалар берді.