Түркістанда тұратын бағбан ауласын ерекше сәнге бөлеп отыр. Гүлнара Якубова қолда бар тұрмыстық заттарды қайта өңдеп, көз тартар әсем дүниелер жасаған. Ол көктем сайын гүл егіп, жаз бойы жасыл желекті күтіп-баптауды дәстүрге айналдырған. Әріптесім барып, әдемілік пен еңбектің үйлесімін көріп қайтты.