Түркістан
EN

Солтүстік Қазақстанға Ресейден қауіп төніп тұр ма?

192
11.03.2022

Еліміздің солтүстік өңіріне көрші Ресейден қауіп төніп тұрған жоқ. Сыртқы Істер министрі Мұхтар Тілеуберді осылай деді. Оның сөзінше мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаевтың Ресейге сапарында Мәскеу тарапы Қазақстан шекарасына көз алартпайтынын айтқан. Еске салайық, бұған дейін Ресей депутаты Зюганов Қазақстанда «русофобия» барын, Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде орыс тілі оқытылмайтынын жеткізген еді. Ол Ресей билігін «орыстілді халықты ұлттық бассыздықтан қорғауға» үндеген болатын.