Түркістан – тек тарих пен руханияттың емес, туризмнің де орталығына айналып келеді. Биыл алғашқы алты айда өңірге 23 мыңнан астам шетелдік турист келген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 есе көп. Бұл туралы облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында айтылды. Басқосуда туристік орындарды абаттандыру, қызмет сапасын арттыру және инвестиция тарту мәселелері қаралды. Толығырақ тілші бейнематериалында