Қазақстан мен Қырғызстан тауар айналымын 3 млрд долларға дейін ұлғайтады

12
22.08.2025 20:58

Қазақстан – Қырғызстанның сауда және инвестиция саласындағы негізгі серіктесінің бірі. Былтыр өзара тауар айналымы 1,7 миллиард долларға жетті. Алдағы 5 жылда сауда-саттық көлемі 3 миллиард долларға артпақ. Бауырлас қырғыз еліне ресми сапармен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келіссөздер жүргізіп, қос елдің Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысты.