Жол сапасына қатысты ең көп шағым Атырау мен Түркістан облыстарында түсіп жатыр

6
22.08.2025 20:57

Елімізде биыл 13 мың шақырымға жуық жол жөнделмек. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен жиында белгілі болды. Жөндеуден өтетін жолдың алты жарым мың шақырымы облыс орталықтарын байланыстырады. Жиында мердігерлердің кепілдіктерін қадағалау және сапасыз материалдарды пайдалану мәселелері атап өтілді. Мысал ретінде, Павлодар тас жолының бетон төсемі көтеріліп жатқаны аталды, Солтүстік Қазақстан облысында тексерілген сынамалардың 43%-ы сапа стандарттарына сәйкес келмеген. Елді мекендердегі тұрғындар тарапынан жол сапасына қатысты ең көп сын Атырау және Түркістан облыстарында тіркелген. Премьер-министр кепілдік мерзімін ұлғайтуды және мердігерлердің кепілдік міндеттемелерін сапасыз орындағаны үшін мердігерлік ұйымдар жауапкершілігін күшейтуді тапсырды. Және жергілікті жолдар желісін дамытуға қаражат жұмсаудың тиімділігі мен қаржыландыру мәселесіне назар аударылды.