Шахтинскіде өртеніп жатқан көлік жарылып, тұрғын үйді шарпыды

7
22.08.2025 19:06

Апат айтып келмейді. Шахтинск қаласында тұрғын үйдің жанында жеңіл автокөлік өртенген. Салдарынан газ-ауа қоспасының жарылысы болып, жалын бес қабатты үйдің екінші және үшінші қабатындағы балкондарға тараған. Оқиға орнына жеткен Төтенше жағдай министрлігінің құтқарушылары баспалдақ арқылы 10 адамды қауіпсіз жерге шығарды . Өрттің аумағы 15 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ, өрт толығымен сөндірілді.