Түркістан
EN

Жамбыл облысының диқандары бұрын су бармаған алқаптардан өнім жинап жатыр

33
22.08.2025

Жамбыл облысының диқандары бұрын су жетпеген алқаптардан мол өнім алып жатыр. Бұл — «Қазсушар» мекемесінің атқарған еңбегінің нәтижесі. Мамандар Тұрар Рысқұлов ауданындағы суару каналдарын тазалап, жөндеу жұмыстарын жүргізген. Соның арқасында қазір екі мың гектардан астам жерге су жеткізіліп, шаруалар алғаш рет жүгері егіп отыр. Сонымен қатар, «Қазсушардың» Жамбыл филиалы диқандармен және жергілікті билікпен бірлесіп, суды үнемді пайдалану үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Мамандар ылғалды көп қажет ететін дақылдардың көлемін азайтып, каналдарды тазалау маңызды екенін айтады.