Түркістан
EN

Үкіметтік жұмыс топтары жылыту маусымына дайындық барысын тексерді

13
22.08.2025

 Елімізде алдағы жылыту маусымына дайындық жүріп жатыр. Үкіметтік жұмыс топтары Қостанай мен Атырау облыстарындағы жылу және энергия нысандарын тексерді. Премьер-министр кеңесшілері Нұрлан Ұранхаев пен Ералы Тоғжанов жетекшілік еткен инспекция барысында коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйімен танысты. Қостанай облысында жылу электр орталықтары мен желілерінде жөндеу жұмыстары кестеге сай аяқталуға жақын. Су тазарту нысандарын жаңғырту жалғасып жатыр. Ал Атырау облысында да дайындық қарқыны жаман емес. Қазіргі таңда тұрғын үй қорының 80 пайызы, білім беру нысандарының 96 пайызы және денсаулық сақтау нысандарының 90 пайызы қысқа дайын. Жалпы, жылыту маусымына дайындық Үкіметтің ерекше бақылауында. Инспекциялық жұмыстар алдағы уақытта өзге өңірлерде де жалғасады.