Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғыз Республикасына ресми сапары «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешеніне зиярат етуден басталды. Мұнда Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған. Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды. Айта кетсеr, бауырлас екі ел арасындағы алыс-беріс жыл сайын артып келеді. Былтыр 1,7 млрд доллардың саудасы жасалған. Биыл жарты жылдың өзінде бұл көрсеткіш 1 млрд долларға жақындады.