Тамыз кеңесі- бұл ұстаздар қауымының жаңа оқу жылына дайындық жиыны. Осыған орай, Түркістанда қосымша білім берудің жаңа бағыттарын талқылау мақсатында «Білім келешегі: адал азамат – кәсіби маман» тақырыбында облыстық кеңес өтті. Секциялық отырысқа «Облыстық қосымша білім беруді дамыту орталығының» директоры Айсұлу Егембердиева модераторлық етті. Оған 300-ге жуық педагог қатысты. Толығырақ әріптесім Шынар Мұратхан тарқатады.