Түркістан
EN

Тамыз кеңесі

205
21.08.2025

Түркістанда «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» атты облыстық тамыз педагогикалық кеңесі өтті. Жиында ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Майра Мелдебекова білім саласындағы оң өзгерістерді атап өтті. Елде үш ауысымды мектептер саны 4 есе, апатты мектептер 2 есе азайған. Білім туралы 6 заңға 94 өзгеріс енгізілді. Ваучерлік жүйе мектепке кезек санын 44%-ға қысқартып, білім сапасына оң әсер етті. Инклюзивті білімге басымдық беріліп, арнайы кабинеттер саны екі есеге артты. Биыл 1300 мектеп жөндеуден өтті. «Келешек мектептері» жобасы қала мен ауыл оқушыларына тең мүмкіндік беруге бағытталған. Сонымен қатар, жаңа «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы іске қосылып, оқушыларды әлеуметтік қауіптен қорғау мен білімге цифрлық технологияларды енгізу қолға алынды.