Жетісу облысында субсидия қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі мәлімдеді. Тергеу мәліметінше, серіктестік басшысы екі жыл бойы жалған құжаттарды пайдаланып, сүт өнімдерін қайта өңдеуге бөлінген субсидияны заңсыз иемденіп келген. Ел қазынасына келтірілген жалпы залал көлемі 300 миллион теңгеден асады. Оның ішінде 110 миллион теңге көлеміндегі қаржы күдікті тарапынан құмар ойындарға жұмсалғаны анықталды.