Түркістан
EN

150-ге жуық тұрғын шет елдерден бос жұмыс орнын сұраған

105
20.08.2025

Түркістан облысында жыл басынан бері 150-ге жуық тұрғын шет елдерден бос жұмыс орнын сұраған. Жұмыссыз азаматтар өткен жылы облыс орталығынан ашылған арнайы орталықтың көмегіне жүгінген. Келушілердің 108-і мамандардан арнайы келіп бағыт бағдар алса, 41 тұрғынға онлайн кеңес берілді. Орталықтан нақты ақпарат алғандар арнайы белгіленген 5 оператордың біріне жолданады. Жауаптылар әзірге Ұлыбритания елдеріне заңды жұмысқа орналастыру жүріп жатқанын айтады.