Түркістан
EN

Жыл басынан 179 бала терезеден құлап кеткен

67
20.08.2025

Елімізде жыл басынан 179 бала терезеден құлап, 32-сі мерт болған. Ал Түркістан облысында 6 айлық нәресте терезеден құлап, ауыр жарақаттардан көз жұмды. Жантүршігерлік оқиғаларға ата-аналардың балаларды қараусыз қалдыруы себеп болып отыр. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында сала басшылары мәлімдеп, оқыс оқиғалардың алдын алу жұмыстары жайын баяндады.