Түркістан
EN

Берденовтің ісі: Ернар Жиембай 9 жылға сотталды

36
20.08.2025

Руслан Берденовке оқ атты деп айыпталған Жиенбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Үкімге сәйкес Шымкент қаласы әкімінің орынбасарына оқ атқан Ернар Жиембай 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Жаза орташа қауіпсіз қылмыстық-атқару мекемесінде өтелетін болды. Сонымен қатар, сотталушы жәбірленушінің пайдасына 30 Айлық есептік көрсеткіш көлемінде яғни 117 960 теңге өтемақы төлеуге міндеттелді. Сот үкімінде Жиембайдың кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың жауаптарымен, заттай айғақтармен, сондай-ақ сот сараптамасының қорытындыларымен толық дәлелденгені атап өтілді.