Түркістан
EN

Шымбұлақтағы қар көшкінінен бір адам көз жұмды

111
11.03.2022

Шымбұлақта қар көшкіні жүріп, бір адам көз жұмды. Қайғылы оқиға бүгін таңғы уақытта болған. Қар көшкіні туралы ақпарат құтқарушыларға таңғы сағат 10:58-де түскен. Жедел іздестіру нәтижесінде шаңғышы шала жансар күйде табылды. Ол сырғанаудан тыс аймаққа ұшып кеткен. Өкініштісі, марқұм көшкінге қарсы құрылғыға соғылып бас жарақатын алған. Әкімшілік өкілдері қаза тапқан адамда көшкін кезінде қажетті жабдығы өзімен бірге болмағанын мәлімдеді.