МӘМС жүйесі енгізілгеннен бері денсаулық сақтау саласын қаржыландыру көлемі үш есеге артқан. Бұл халықтың жоғары технологиялық және қымбат қызметтерге қолжетімділігін кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. Енді барлық медициналық көмек нақты екі бөлікке бөлінеді: ел тұрғындарының барлығына мемлекет толық кепілдік беретін базалық пакет және сақтандырылған азаматтарға арналған кеңейтілген сақтандыру пакеті. Сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың мәлімдеуінше сақтандыру мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға бірқатар скрининг түрлері қолжетімді болмақ.