Биыл Түркістан облысында 7 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылады. Мақсат- кен орындарынан шығатын жүк көліктерін қатаң бақылауға алу. Себебі, жер қойнауын пайдаланушылардың жүк көліктеріне шамадан тыс жүк арту жағдайлары жиілеген. Салдарынан автожолдардың сапасы төмендеуде. Аталған мәселе Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен жиында қаралып, шешу жолдары талқыланды.