Түркістан облысында «кепілдік қоры» аясында 47 кәсіпкер қолдау алды. Нәтижесінде 10 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығына – 5,8 млрд теңге, денсаулық сақтау мен білім беру саласына – 2,3 млрд теңге, ал логистика және басқа бағыттарға шамамен 2 млрд теңге қаржы бағытталды. Даму демеген жобалар туралы толығырақ тілші бейнематериалында.