Түркістандық жамбы ату шеберлері Азия чемпионатынан 5 медальмен оралды. Чемпиондарды Шымкент теміржол вокзалынан сала мамандары, спорт жанашырлары мен туған-туыстары зор қошеметпен қарсы алды. Айта кетсем, дода 12–16 тамыз аралығында Ақтау қаласында өткен еді. Онда жастар арасында Ақберен Үсен топ жарып, «Азия» стилінде алтыннан алқа тақты. Ол мұнымен шектелмей, «Түрік» стилінде де қарсыластарына дес бермей, тағы да чемпион атанды. Жасөспірімдер бәсекесінде Ғұмыр Лесбек мергендігімен көзге түсіп, «Жамбы» стилінде бірінші орынды жеңіп алды. Сондай-ақ «Түрік» стилінде күміске қол жеткізді. Мақтан тұтар мергендер – Түркістан облысының ұлттық спорт түрлері мектебінің шәкірттері. Оларға білікті бапкер Болат Қонаев жетекшілік етеді.