Түркістан облысында әдеп жөніндегі кеңестің алтыншы отырысы өтті. Жиында 12 мәселе қаралып, әдеп кодексінің талаптарын сақтамаған мемлекеттік қызметкерлердің ісі қаралды. Оның ішінде облыстық білім басқармасының мамандары да бар. Мәселен кадр бөлімінің басшысы аудандық білім бөлімінің жауаптыларын заңсыз жұмыстан шығарып, конкурс жариялаған. Бүгін оған кеңестің шешімімен қатаң сөгіс, ал басқарма басшысының міндетін атқарған қызметкерге ескерту берілді.