Түркістан облысында «Мал ұрысы» жедел іс-шарасы кезінде 100-ден астам құқық бұзушылық анықталды. Шара «Заң және тәртіп» қағидатын ілгерілеті аясында ұйымдастырылды. Облыстық Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің тапсырмасымен жеке құрам жұмылдырылды. Ондағы мақсат - құқықтық тәртіпті сақтау және қылмыстың алдын алу.