Түркістан
EN

Журналистке тілін шығарған судьяның әрекеті қаралады

52
19.08.2025

Сотта тілін шығарған судья тексерілмек. Желіде Берденов ісі бойынша сот отырысында судья Әбинұр Қарабаевтың журналиске тілін шығарып, бетін тыржитқаны түсірілген видео тарады. Бұл әрекет қоғамда қызу талқыға түсті. Осыған қатысты Шымкент қалалық соты судьяның әрекетіне қатысты тексеру жүргізілетінін мәлімдеді. Ал қызметтік тексеру қорытындысы Судьялық әдеп жөніндегі комиссияның қарауына шығарылмақ. Егер судьяның әдепке қайшы қылығы расталса, материалдар Жоғарғы Сот кеңесі жанындағы Сот жюриіне жолданады.