Елдегі 16 мың шақырым теміржол желісінің тең жарымы тозған. Сондықтан 2029 жылға дейін оның 5 мың шақырымы жаңғыртылмақ. Мақсат- тасымалдардың тиімділігі мен тұрақтылығын арттыру. Бұл туралы үкімет отырысында көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Ал Үкімет басшысы Олжас Бектенов жауаптыларға вокзалдарды жаңғырту, вагондар паркін жаңарту, сондай-ақ темір жол арқылы транзит көлемін арттыру туралы тапсырма берді.