Шымкентте толассыз жауған жаңбырдан кейін мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлер үгітіліп жатыр. Тіпті «Әдия» тұрғын үй кешенінің жұрты бір- екі жылда қирандының астында қаламыз ба деп қорқады. Ал жауапты мамандар тұрғындарға не дейді? Армандап жеткен баспананың қирамай, сау тұратынына кепілдік бере ме?