Түркістан
EN

Несие алу үшін жалған зейнетақы аударымдарын рәсімдеген компания әшкере болды

44
19.08.2025

Компания жұмыссыз адамдарға жалған зейнетақы аударымын рәсімдеп несие алғызып отырған. Олардың әрекетін қаржылық мониторинг агенттігі әшкереледі. Схема қарапайым: бірнеше заңды тұлға тіркеліп, жалған жұмыс орындары ашылған. Әрі қарай құжаттарда көрсетілген зейнетақы аударымдары жасалып, банктерге жалған табыс туралы анықтамалар жолданған. Сөйтіп қаржылық ұйымдар алаяқтарға сеніп, несие рәсімдеген. Қарыз алғандар қолына тиген соманың көп бөлігін ұйымдастырушыларға қайтарып берген. Яғни, алаяқтар 10 пайызға дейін «үстеме ақы» жинап отырған. Аталған қылмыстық схема аясында 399 млн теңге сомасына 140 несие алынған.