Түркістан
EN

Тұрмыстық техника шығарады

54
19.08.2025

Қарағанды облысының Сарань қаласында Samsung теледидарлары мен кір жуғыш машиналарының өндірісі ресми түрде жолға қойылды. Жаңа өнімдер Silk Road Electronics зауытында құрастырылады. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, кәсіпорында SmartThings экожүйесін қолдайтын кір жуғыш машиналар, сондай-ақ Smart TV функциясымен жабдықталған заманауи теледидарлар шығарылады. Жыл соңына дейін зауыттан 10 мыңға жуық теледидар мен 25 мың кір жуғыш машина шығару жоспарланған. Ал өндірістік желінің толық қуаты жылына 150 мың теледидар және 200 мың кір жуғыш машина шығаруға мүмкіндік береді. Келешекте QLED сериялы теледидар өндірісі де қолға алынбақ