Түркістан
EN

Жолда жүрудің жаңа тәртібі белгіленді

61
19.08.2025

Енді жаңадан салынған жолдар Ұлттық сапа орталығының қорытынды есебінсіз қолданысқа берілмейді. Ал жергілікті әкімдік әр нысанның сараптамадан өтуін қамтамасыз етуі тиіс.  Тапсырыс берушілердің міндеті мен қызметі белгіленген Үкімет бұйрығына осындай өзгеріс енгізілді. Жаңа тәртіп- талаптарды Түркістан филиалының бөлім басшысы Қайрат Шәкіров сала мамандарына түсіндірді. Қала әкімдігінде өткен жиында орталықтың қызметін реттейтін және сараптама  түрлері мен көлемін, мерзімін реттейтін құжат таныстырылды.  Айта кетейік, Ұлттық сапа орталығының инженерлері мен зертханашылары Түркістанның  жаңадан салынып жатқан 13 көшесінен 9 ақау анықтаған. Алайда сол кемшіліктердің бірде-біреуі жойылмаған. Мердігерлер құрылыс материалдарын да дұрыс іріктемейді. Мамандар қаладағы құрылыс нысандарына 17 рет барып, 93 сынама алған. Соның 35 пайызы талапқа сай болмай шықты. Енді тапсырыс берушілер мен мердігерлер мұндай ескертулерді  елеусіз қалдыра алмайды.