Түркістан
EN

«Заң мен тәртіп» жобасы аясында кездесу өтті

93
18.08.2025

Бүгінде «Заң мен тәртіп» жобасы қоғамдағы өзекті түйткілдердің шешілуіне жол ашып келеді. Аталған жоба аясында өңірде бірқатар іс-шаралар мен кездесулер ұйымдастырылуда. Осы мақсатта, Келес ауданының прокуроры Нұрлан Ешенқұлов өңірдегі бірқатар ауылдық округтердің тұрғындарымен кездесіп, құқықтық мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жиынға дербес бөлім басшылары мен құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.