Түлкібас ауданында коммуналдық сала қызметкерлеріне жаңа техника табысталды. Заманауи көліктер Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы тазалық жұмыстарына бағытталмақ. Аудандағы ауқымды істердің атқарылу барысын аймақ басшысы Нұралхан Көшеров бақылап, бірқатар өндіріс орындарын аралады. Сондай-ақ аудан активімен кездесіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуын талқылады.