Биылғы алты айдың қорытындысы бойынша мемлекеттік сатып алулардың көлемі 333 млрд теңгеден асты. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі еседен көп. Қазақстандық үлесті арттыру үшін 4 800-ден астам тауар позициясы ұлттық режимнен алынып тасталды. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде де айтарлықтай өсім бар. 2025 жылдың жеті айында өндіріс көлемі 16 трлн теңгеден асып, сала 6,1 пайызға артты. Оның экономикадағы үлесі – 13,9 пайыз. Саланы қолдау үшін 500 млрд теңге бөлініп, қазір 115 жоба жүзеге асуда.