Су – тіршілік көзі. Түркістан облысында биыл жауын аз жауды. Құрғақшылық қиындығын адамдар ғана емес, төрт түлік мал да тартқалы тұр. Жайқалған шөп жоқ, демек мал қолға қарайды деген сөз. Осы орайда бәрінен бұрын шаруаларға қиын болғалы тұр. Ауыл шаруашылық басқармасы тиісті шараларды қабылдап, шаруалар ескертпесіне құлақ түрудеміз дейді. Толығырақ жағдаймен танысып қайтқан тілшіміз Бекболат Тілеубергеннің бейнематериалында.