Су шаруашылығы тарихы екі томдық кітапта жарық көрді. Астанада Орталық Азияның су шаруашылығын үйлестіру комиссиясының 90-отырысы өтті. Онда еңбек сіңірген гидротехник, бұрынғы Су шаруашылығы министрі Нариман Қыпшақбаевтың еңбегі таныстырылды. Кітап «Қазақстанның су шаруашылығы: қалыптасуы, дамуы және мәселелері» деп аталады. Басылымда 1917 жылдан 2024 жылға дейінгі деректер жинақталған. Су ресурстарын басқару, ауыл шаруашылығында суды үнемдеу, су тапшылығы және трансшекаралық қатынастар қамтылған. Биыл 91 жасқа толған автор қазір жас мамандарға арналған жаңа кітап жазып жатыр.