Елімізде балаларға қолайлы жағдай жасау мақсатында 500 мың балаға әлеуметтік қолдау көрсетілмек. Ол үшін биыл 23 млрд теңгеден астам бюджет қаражаты көзделген. Бұл кемінде 500 мың баланы әлеуметтік қолдауға мүмкіндік береді. Үкімет басшысы жаңа оқу жылының қарсаңында бұл көмектің дер кезінде көрсетілуі тиіс екенін айтқан болатын.