Түркістан
EN

64% автокөліктің пайдалану мерзімі он жылдан асқан

47
16.06.2021

Елімізде тіркелген автокөліктердің 64 процентінің пайдалану мерзімі он жылдан асып кеткен. Бұл туралы  Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Қазіргі уақытта автокөлік атмосфералық ауаны ластаудың негізгі көздерінің бірі екен. «Оған себеп - автокөлік құралдарының тозуы», деп түсіндірді министр. Осы үшін өткен жылдың соңында «Техникалық реттеу туралы» заң қабылданған. Яғни жанар-жағармай құю бекеттеріндегі отынның сапасын К4 және К5 экологиялық сыныптарына сәйкестігін бақылау күшейтілді.