Түркістан
EN

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың тамыз конференциясы өтті

136
15.08.2025

Елдің ертеңі мұғалімдерге тікелей байланысты. Сондықтан ұстаздың қоғамдағы орны бәрінен биік болуға тиіс. Бұл туралы педагогтердің республикалық Тамыз конференциясында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Сондай-ақ мектептен тыс жерде балаларға қатысты оқыс оқиға болса, оған ұстаз жауапты емес, - деді. Президент кез келген жазатайым жағдай үшін мұғалімді жазалау орынсыз деп санайды. Сондықтан  «Педагог мәртебесі туралы» заңға ұстаз құқығын қорғау жөнінде өзгерістер енгізуді ұсынды. Айта кетсем, биылғы бас қосу «Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман» тақырыбына арналып отыр. Онда мектепке дейінгі, орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім берудегі өзекті мәселені, балалардың құқықтарын қорғау және білім беру сапасын қамту жайы талқылануда.