«Наурыз» ипотекалық бағдарламасы қайта басталады

16
14.08.2025 22:36

 «Наурыз» және «Наурыз жұмыскер» ипотекалық бағдарламалары қайта басталады. Отбасы банк Қазақстан қор биржасына әлеуметтік облигацияларын шығарды. Бір облигацияның құны – 1000 теңге. Олардың айналым мерзімі – бес жыл, ал купон инвесторларға жылына екі рет төленеді. Осылайша, Отбасы банк Қазақстан қор биржасынан «Наурыз» бағдарламасына қатысып жатқандарға ипотека беру үшін 102,7 млрд теңге тартты. Бұған дейін аталған банк 85,72 млрд теңге тартқан еді. Бұл қаражатқа 4 мыңнан астам отбасыға қарыз берілді.Айта кетейік,  «Наурыз» бағдарламасы бойынша 2702 қазақстандық пәтер алса, тағы 1566 адам «Наурыз жұмыскер» бағыты арқылы баспаналы болған.