Түркістан
EN

Шаға жағажайы қайта жанданады

47
14.08.2025

Қараусыз қалып, көпшіліктің наразылығын тудырған «Шаға» жағажайы келер жылы қайта іске қосылмақ. Нысанды «Open Turkistan» туристік ақпараттық орталығы» сенімгерлік басқаруға алған. Олар Шаға ауылындағы жасанды көл мен жағажай инфрақұрылымын қайта қалпына келтіруді көздеп отыр. Тіпті инвесторлар есебінен қонақ үй мен мейрамханалар құрылысын бастап, келушілерге қажетті барлық жағдайды жасауды жоспарлап қойған. Айта кетейік, «Шаға» туристік-рекреациялық орталығы 2022 жылы қолданысқа берілген болатын. Жоба құны 7 млрд теңге.