Түркістан
EN

Кәсіпкерден ақша бопсалаған блогер ұсталды

48
14.08.2025

 Түркістан облысында полицейлер жергілікті кәсіпкерден ақша бопсалады деген күдікпен Шымкент қаласының блогерін қамауға алды. Ер адам әлеуметтік желілерде жәбірленушінің беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді жариялаймын деп қорқытып, одан 2000 АҚШ долларын алған. Сосын күдікті мұны қанағат тұтпай, қосымша тағы 4 миллион теңге талап етіпті. Жедел уәкілдер жүргізген іс-шара барысында блогер Сайрам ауданы дәмханаларының бірінде 6900 АҚШ долларын алып жатқан жерінде қолға түскен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.