Туристер жиі келетін Төлеби ауданында рұқсат етілмеген сауда орындары мен заңсыз құрылыс көбейген. Оған тосқауыл қою үшін арнайы рейд өтіп, жол бойында сауда жасайтын кәсіпкерлерге ескерту жасалды. Мамандардың сөзінше, бұл тәртіп орнату ғана емес, сонымен қатар тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы үшін де маңызды.