Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда жыл басынан бері 10 мың ағаш отырғызылған. Шаһарда 5 саябақ пен 40 гүлзар бар. Жергілікті билік «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көгалдандыру жұмыстарына көңіл бөліп қана қоймай, тұрғын үйлерге де жөндеу жұмысын жүргізген. Осы жылы 37 үйдің шатыры мен 20 үйдің қасбеті ауысқан. Оған қоса 7 шақырымнан аса арық жүйесі қайта жаңартылмақ. Қал тұрғындары болса бұған қатысты оң пікірін білдірді.