Қызылордада «Даму бала» бағдарламасына қатысқан кәсіпкерлерден 88 млн теңгеден астам қаржы жымқырғандардың ісіне нүкте қойылды. Белгілі болғандай, балалар спортын және шығармашылығын дамытуға арналған қаражат алаяқтардың қолына түскен. Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, қылмысты екі әйел бірігіп жүзеге асырған. Олардың бірі әкімдік жанындағы мониторингтік топ құрамында болған және қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, сыбайласымен бірге кәсіпкерлерге тексеріс нәтижелерін «оң шешіп береміз» деген желеумен ақша бопсалаған.