Түркістан облысы, Төлеби ауданында ауқымды тазалық және профилактикалық шаралар өтті. Полиция қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар табиғатты қоқыстан тазартты.
“Таза Қазақстан” экологиялық акциясына 800-ден астам тұрғын мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты. Жиын барысында азаматтарға қоқыс пакеттері таратылып, арнайы жәшіктер орнатылды.
Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету де назардан тыс қалмады. Шараны өткізудегі мақсат — экологиялық мәдениетті арттырып, табиғатты көздің қарашығындай сақтау.