Түркістан
EN

Түркістан облысында үшем туылды

69
13.08.2025

Түркістан облысында дүниеге үшем келді. Осылайша Шардара ауданының тұрғыны, 43 жастағы Орынкүл Нұрабаева енді 11 баланың анасы атанды. Ұлдардың салмағы – 2265 грамм, 2455 грамм, 2405 грамм. Нәрестелер мезгілінен ерте туылғандықтан, дәрігерлердің қатаң бақылауында. Қазіргі таңда ана мен нәрестелердің жағдайы жақсы. Сәбилер мен анасы перзентханадан үйлеріне шығарылды. Айта кетейік, аймақта осы жылдың 6 айында 22 638 бала дүниеге келген.