Қазақстанда Абай Құнанбаев атында 1441 көше, 12 даңғыл бар. Бұл туралы Ұлттық сапа орталығы хабарлады. Ұлы хакімнің есімі берілген жолдарды бір-біріне жалғасақ, жалпы ұзындығы 1 мың шақырымнан асып кетер еді. Бұл жағынан Түркістан облысы көш бастайды. Өңірде Абай атында 118 көше, 1 ауылдың округ, 5 елдімекен екенін айта кетейік. Келес ауданының орталығы Абай деп аталатыны әмбеге аян. Сондай-ақ облыстағы 16 мектеп ұлы хакімнің атында.