Түркістанда тыйым салынған темекі өнімдерін өндіретін жасырын цех жабылды

46
2025.08.13

Түркістан қаласында түтінсіз темекі өнімдерін заңсыз өндіріп, өткізгендер сотталды. Қылмыскерлер аумағы 1000 шаршы метрге жететін жасырын өндірістік цехты ұйымдастырып, жұмысқа 30-дан астам жұмысшыны тартқан. Шикізатты дайындап қана қоймай, Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы ірі көтерме жеткізушілер арқылы сату арналарына жеткізген. Сот заңсыз бизнестің ұйымдастырушыларын кінәлі деп танып, оларға айыппұл жазасын тағайындады.